| жыл | 2021 |
| ел | Қазақстан |
| жанрлар | телевизиялық фильм |
| уақыт | 21 мин. |
| режиссура | Атлан Булыбаев |
Документалды фильм Абайдың алғашқы шығармалар жинағына арналған. Бұл жинақ 1909 жылы Петербургтегі Илья Бораганский баспасынан жарық көрді. Фильм ұлы Абай мұрасының жарыққа шығуындағы ауыр жолды баяндайды. Жазушы қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Тұрағұл Абайұлы мен жиені Кәкітай Ысқақұлы Абайдың шығармаларын жинап, кейін ұлы қазақ ағартушысының мұраларын бір жинақ етіп басып шығаруды қолға алды. Оларға Абайдың шәкірттері де көмекке келеді. Абай шығармаларының басылып шығуына Әлихан Бөкейханұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы да белсене ат салысты.