16+ Болмаған балалық шақ

жыл2025
ел Қазақстан
жанрлар драма
уақыт 106 мин.
режиссураАйдын Сахаман
сценарийЕфрат Шарипов
рөлдердеБерік Айтжанов, Шәкәрім Алмасбек, Нұртілек Жарылқасын, Гульжамал Казакбаева, Әшім Ахметов
Сипаттамасы

Ақберен есімді бала әкесінен ерте айырылып, отбасы қиындыққа тап болады. Кішкентай балаларымен жалғыз қалған анасы өмірінің ауыр кезеңінен өтеді. Балаларын аяққа тұрғызу үшін келіншек екінші рет тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Алайда екінші күйеуі мейірімсіз, қатал адам болып шығады. Ақберен мен оның сырқат бауыры қорғансыздың күйін кешіп, жандары жабырқайды. Баланың өмірі қорқыныш пен үмітсіздікке толы болады. Ақберен өзіне және жақындарына қауіп төнген кезде, шынайы өмірден қашып, қиял әлеміне бойлайды. Онда ол батыр болып, отбасын қорғау үшін күреседі. Бірақ бұл тек қиял ғана екенін түсінгенде, Ақберен ішкі жан дүниесінің күшін, шынайы махаббат пен сенімнің маңызын түсіне бастайды.