16+ Аш пен тоқ

жыл2025
ел Қазақстан
жанрлар драма
уақыт 80 мин.
режиссураРауан Махатов
сценарийБаймурат Жакыпбеков, Абылай Жакыпбеков
рөлдердеАбильмансур Сериков, Мерей Аджибеков, Гулия Узакбаева, Динара Нурболат
Сипаттамасы

Айдар мен Эльдар мектепте бірге оқыған сыныптастар. Тұрақты табысы жоқ, үш баласын әрең асырап отырған Айдардың бар арманы — армансыз өмір сүру. Ал, зәулім сарайдай үйде тұратын жұмысында табысты, бай Эльдар әйелімен бала сүйсем дейді. Кездейсоқ жолығып, сырын ақтарып, мұңын шаққан сыныптастар бір-бірінің өміріне қатты қызығатынын айтады. Айтылған сөз — атылған оқ. Ертесіне екеуінің жаны ауысып, бір-бірінің өмірін сүруге мүмкіндік алады. Сырт көзге әдемі көрінген өмірі шын мәнінде армандауға тұрарлық па?