| жыл | 2017 |
| ел | Германия |
| жанрлар | Анимация |
| уақыт | 24 мин. |
| режиссура | Джоди Гэннон, Стив Бристоу, Люк Джуревисиус |
| сценарий | Майк Дрэч, Армин Предигер, Даг Синклер |
| рейтинг |
Алтын шаһарда сұлтанның өлімінен кейін тақ мұрагері болып Карим есімді ханзада атанады. Оның Шазаман есімді бойын қызғаныш пен кек билеген ағасы ханзадаға қастандық жасап, арам ойын іске асырады. Мыстанның көмегімен сиқыр жасап, Каримді көк түсті құбыжыққа айналдырады. Ақырында Карим хан сарайынан біржола кетуге мәжбүр болады. Осы тұста ханзаданы тек Шахерезада есімді бойжеткен ғана қолдайды. Каримді тек Өмір діңгегі атты сиқырлы сусын адам кейпіне қайта келтіре алатыны белгілі болады. Бұл сусынға қол жеткізу үшін ханзада мен бойжеткенге жындар мен тылсым күштердің мекеніне жол тартуларына тура келеді. Карим мен Шахерезада сапар барысында Алладин, Синдбад пен Али баба сынды араб ертегілерінің біраз кейіпкерлерін кезіктіреді. «Шахерезада. Мың бір түн. Айтылмаған әңгімелер» мультсериалын Unico Play онлайн-кинотеатрынан көріңіздер.