0+ Қаныш. Қазына

жыл2023
ел Қазақстан
жанрлар телевизиялық фильм
уақыт 59 мин.
режиссураЕрлан Нұрмұхамедов
рөлдердеӘсет Есжан, Анна Оразбаева, Айдос Әуесбаев, Ақарыс Әшімқан
Сипаттамасы

Телехикаяның негізгі сюжеттік желісі – геолог-ғалым, инженер, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолына негізделген. Телехикая – ұлы тұлғаның бізге беймәлім қырларын кеңінен ашатын сан қилы оқиғалар желісінен тұрады. Телехикаяда XX ғасырдағы қазақ жұртының қилы тағдыры, арманы, мақсат-мүддесі, мемлекеттік биіктерге, соның ішінде индустрияландыру ісін шетелдерден тәуелсіз етіп, өз жерімізде қарқынды жүргізуге және кен өндірісін игеруге қарай басқан қадамдары көрсетіледі. Қазақ даласындағы саяси қарым-қатынас, достық, сатқындық, мүдделер қақтығысы, қым-қуыт оқиғалар, ұлттық тұтастық – телехикаяның негізгі өзегі.